Жаңалықтар мен оқиғалар
30 Қаңтарда "Қазақтеңізкөлікфлоты" ҰТКҚК-да "НұрОтан" партиясының бастауыш партия ұйымының (БПҰ) жиналысы өтті.
Жиналыс барысында партиялықтар партияның 20 жылдағы қызметінің қорытындыларын және "НұрОтан" партиясы бағдарламасының 2030 жылға дейінгі негізгі бағыттарын талқылады, сондай-ақ партияның Ақтау қалалық филиалының 28-ші кезектен тыс конференциясына делегаттар сайланды.
БПҰ партияның негізгі жұмыс құралы, оның негізі екендігі атап өтілді. Партия бағдарламасының 2030 жылға дейінгі жобасы әлемнің ең дамыған елдерінің қатарына кіру үшін мемлекетті реформалаудың сенімді тәсілі болып табылатын бес институционалдық реформаға негізделген. Партия елдегі жетекші саяси күш ретінде төраға белгілеген стратегия шеңберінде өзінің негізгі күш-жігерін алдағы онжылдықтың 10 негізгі мақсатына жетуге бағыттайды.
Әсіресе, партиялықтар жастарды - үлкен мүмкіндіктердің болашақ ұрпағын жан-жақты қолдауды талқылады. Бүгінгі жастарды дамытуға салынған инвестициялар-бұл ертеңгі инновациялық экономикаға салынған инвестициялар.
Қазақстандықтардың жаңа буыны еліміздің стратегиялық бағытының қозғаушы күшіне айналуы тиіс. Оны жан-жақты қолдау партия қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Осыған байланысты қазіргі қазақстандық қоғам үшін әрбір жас қазақстандықтың патриоттық сезімін және белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру маңызды болып қалатынын атап өту қажет.
Жиын барысында партияның екі жаңа мүшесіне, жас мамандарға – Краснова Олеса Алексеевна мен Құсайынова Ақсуирик Ерболқызына партиялық билеттер табысталды.