Жаңалықтар мен оқиғалар
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ талаптарына сәйкес ҚТКФ бойынша «Қорғау» қауіпсіздік карталарының жүйесі қолданысқа енгізілді.
Осы жүйенің негізгі критерийлерінің бірі - еңбекті қорғау мәдениетін арттыру, жазатайым оқиғалар мен өндірістік жарақат алудан сақтандыру, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында тәуекелді басқару, қоршаған ортаны қорғау, қызметкерлер мен мердігерлерді «Қорғау» картасын қолдану процесіне тарту болып табылады.
Қолдану қағидаты - еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзу фактілері анықталған кезде әрбір ҚТКФ қызметкері немесе мердігердің өкілі жұмыстарды тоқтатып, «Қорғау» картасын толтыруы тиіс. Сондай-ақ, карталарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау жүйесін жақсарту жөнінде ұсыныстарды енгізу үшін толтыруға болады.
ҚТКФ компаниясында қалыптасқан дәстүр бойынша «Қорғау» карталарының 2021 жылғы қорытындылары шығарылды. Толтырылған карталарды пысықтап, ҚТКФ бойынша құрылған Комиссия жеңімпаздарды айқындады.
- 1-орын жүрдегері болып «Ырғыз» сүйреткіші капитанының аға көмекшісі Ермек Болатұлы Мұстафин атанды. NCOC солтүстік-каспий жобасында сүйреткіштің теңіз операцияларын орындау мезгілінде Ермек Бекболатұлы Мұстафин тарапынан «норвегиялық бүйдің ығуын (дрейф) анықтау» картасы толтырылды. Қызметкер «Үздік Қорғау картасы» сертификатымен және бағалы сыйлықпен (ұялы телефон) марапатталды.
- 2-орын жүлдегері болып контейнерлерді таситын «Барыс» кемесінің капитаны Андрей Валерьевич Лебедев атанды. Оған бағалы сыйлық – қол сағаты сыйлыққа берілді.
- 3-орын жүлдегері болып Бюджеттік жоспарлау және корпоративтік қаржыландыру департаменінің аға маманы Лаура Ілиясқызы Сатыбалдиева атанды. Ол ғимаратта пайдаланылған пластик өнімдерін жинауға арналған контейнерлердің орнатылуына бастамашылық танытты. Оған бағалы сыйлық (рюкзак) табыс етілді.
Барлық жүлдегерлерді құттықтай отырып, ұжым әріптестерін «Қорғау» карталарын толтыруда белсенділік танытуға шақырамыз!