Жаңалықтар мен оқиғалар
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК ЖШС Бас директорының бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары болып Бисалиев Берік Карлұлы тағайындалды.
Бисалиев Берік Карлұлы 1975 жылы Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында дүниеге келген.
Білімі - жоғары. Мамандығы бойынша заңгер. Мемлекеттік және муниципалды басқару мамандығы бойынша Мемлекеттік және муниципалды басқару академиясының менеджері біліктілігі бар. Берік Карлұлының қаржы, бизнес салаларының басшылық лауазымдарында мол тәжірибесі бар. Әр жылдар аралығында «Каспий-Берекет» ЖШС, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның Атырау және Маңғыстау облыстарындағы филиалдарын басқарды. «Ақтау пластмасса зауыты» ЖШС Бас директорының міндетін атқарды.
Ол Бас директордың бизнесті дамыту жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК ЖШС-нің корпоративтік және ақпараттық қауіпсіздік қызметінің басшысы лауазымын атқарды.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.