Жаңалықтар мен оқиғалар
Ағымдағы жылдың 4 қарашасында «Nur Otan» Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы Қоғамдық қабылдауда "Қазақтеңізкөлікфлоты" ҰТКҚК» ЖШС Бас директоры, Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Орманов Марат Көшкінбайұлының азаматтарды жеке қабылдауы өтті.
Жеке қабылдауға М.К.Орманов сайланған №1 сайлау округы аумағында тұратын үш азамат келді.
Олардың барлығы да тағдырдың жазуымен қиын жағдайда (тұрақты табыстың, өз баспанасының жоқтығы, кәмелетке толмаған 3-тен көп баланың, оның ішінде мүгедектердің болуы, мамандығы бойынша тұрақты жұмыс таба алмауы және т.б.) қалған және мәселелердің шешілуіне қолдау көрсетуді сұрады.
Марат Көшкінбайұлы өз тарапынан азаматтардың мәселелерін бақылауға алып, сәйкесінше облыстағы еңбекпен және әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі құзырлы органға азаматтардың әлеуметтік мәртебесін анықтау және атаулы критерийлерге сәйкес келген жағдайда олардың әлеуметтік көмек алулары бойынша депутаттық сауал жолдады.