Жаңалықтар мен оқиғалар
Үстіміздегі жылғы наурыз айының 29-ы, 30-ы күндері Алматы қаласында «Транскаспий халықаралық көлік маршруты» халықаралық қауымдастығы Жұмыс тобының кезекті жиналысы өтті.
Талқыға салынған негізгі мәселелер: 2030 жылға дейін Транскаспий халықаралық көлік маршрутын (ТХКМ) дамыту стратегиясын әзірлеу, 2022 жылға жоспарланған жүк тасымалы көлемінің келісілуін жүргізу, 2022 жылғы тарифтік талаптарды пысықтау.
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС үшін маңызды оқиғалардың бірі ТХКМ бағыты бойынша болжамды контейнерлер жүк ағынының бірнеше есе ұлғаюына байланысты контейнерлер тасымалына үшінші фидерлік кемені тарту туралы келісімге тараптардың қол қоюы болды.