Жаңалықтар мен оқиғалар
Маңғыстау облыстық мамандандырылған Сәбилер үйінде бүгін мереке - Халықаралық Балаларды қорғау күні.
Махаббат пен қамқорлықтың жылы атмосферасын құруға тырысқан ҚТКФ қызметкерлері балаларды құттықтауға келді. Мереке кезінде өздерін мейірімді сиқыршы сезінген теңізшілер балаларға сыйлықтар таратып, олармен бірге қызықты ойындарын ойнады. Өз кезегінде, балалар ересектерге өздерінің асыл армандарымен бөлісіп, ұйымдастырылған іс-шара үшін алғыстарын білдірді.
Балалардың пәктік және мерекелік қуаныш сезімі ешкімді бей-жай қалдырмады және ҚТКФ ұжымы балалар мекемесінің тәрбиеленушілеріне жақын арада тағы келуге уәде берді. Айта кетерлік жайт, Қазақтеңізкөлікфлоты қызметкерлері жыл сайын қайырымдылық шараларға қатысып, Сәбилер үйін демеп, көмек көрсетеді.