Жаңалықтар мен оқиғалар
10 тамызда «Қазақтеңізкөлікфлоты» қызметкерлері «Бірге - Таза Қазақстан» және «Таза жағалау» экологиялық акцияларына қатысуда.
Сенбілік Халықаралық Каспий күніне орай өткізілуде. «Қоршаған орта мен экологияның әл-ауқаты - бұл жемісті болашақтың кепілі, сондықтан біз әрқашан осындай шараларға қуана қатысамыз», - деп атап өтті компания өкілдері.
ҚТКФ ұжымы Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мирзағалиевтің бастамасымен құрылған #Birge #TazaQazaqstan эко-челленджін қолдайтындардың қатарында.