«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС ұжымының 2018 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша есептік жиналысы өтті
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС ұжымының 2018 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша есептік жиналысы өтті

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС ұжымының 2018 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша есептік жиналысы өтті

| Жаңалықтар

2018 жылдың 30 шілдесінде «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС ұжымының 2018 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша есептік жиналысы өтті.


Жиналысты «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бас директоры Марат Көшкінбайұлы Орманов ашып, 2018 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша Компания қызметі жөнінде ақпарат беріп өтті. Каспий теңізі мен ашық теңіздердегі теңіз жүк тасымалы нарығындағы жағдай мен негізгі бағыттарға тоқталды.

Жиналыс барысында:

  • Бас директордың коммерциялық мәселелері бойынша орынбасары А.Е. Оржанов;
  • Экономика және қаржы жөніндегі орынбасары С.Ж. Ахметов;
  • Бас директордың теңізде жүзу қауіпсіздігі және флотты пайдалану жөніндегі орынбасары Ж.Т. Көпбаев;
  • Бас директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары В.С. Черкасский сөз сөйледі.

Сөз алған Бас директордың орынбасарларлары өздерінің жетекшілік ететін бағыттары бойынша 2018 жылдың бірінші жартыжылдығына қатысты есеп беріп, презентация (слайд жинағын) жасады.

Жиналысты қорытындылау барысында орынбасарларының есептерінде айтылған мәліметтерді негізге ала отырып, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бас директоры М.К. Орманов тиісті тапсырмалар беріп, Компанияның ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығындағы жұмысының басты бағыттарын атап өтті.

Фотогалерея


© 2025 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)

Сайтты әзірлеу: arctika.kz