Жаңалықтар мен оқиғалар
2018 жылдың 18 тамызында Ақтау қаласында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті. Шараның ұйымдастырушысы - «Біз адамдар - біз біргеміз» қоғамдық қоры.
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС ұжымы атаулы шараға демеушілік жасады. Акция барысында облыстың аз қамтылған отбасыларының 200 баласына канцеляриялық тауарлар (рюкзаетар, дәптерлер, қаламдар және т.б.) мен азық-түліктер таратылды.
Барлық балаларға жаңа оқу жылында сәттілік, толағай табыс, жаңа жеңістер тілейміз!