Жаңалықтар мен оқиғалар
Қарттар күні қарсаңында Ақтау қаласында орналасқан облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған үй-интернатында «Қарттарым - асыл қазына» қайырымдылық акциясы өтті.
Шараның ұйымдастырушысы - «Біз адамдар - біз біргеміз» қоғамдық қоры. «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС ұжымы атаулы акцияға демеушілік жасап, шараға ұжым атынан Жастар кеңесінің мүшелері Габдуллин Ерқанат пен Алиев Руслан қатысты.
Акция барысында үй-интернаттың 100 тұрғынына арналған мерекелік дастархан жайылып, концерттік бағдарлама, шахмат турнирі, әдемілік салонының қызметі ұйымдастырылды, сыйлықтар таратылды.