Жаңалықтар мен оқиғалар
Ағымдағы жылғы қазанның 4-інен 6-ына дейін TransLogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі өтті.
ҚТКФ қызметкерлерінің қатарынан құрылған делегация Бас директор Айдар Оржановпен Орталық Азиядағы көліктік-логистикалық қызметтер мен технологиялардың ең ірі көрмелерінің біріне қатысты.
А.Е.Оржанов ҚР көлік министрі Марат Кәрімжанұлы мен қатысушы мемлекеттердің, дипломатиялық миссия өкілдерінің, сондай-ақ салалық одақтар мен қауымдастықтардың назарына ұлттық тасымалдаушының су жаңа екі мұнай танкерінінің макеттерін ұсынды.