Жаңалықтар мен оқиғалар
2018 жылдың 26 қыркүйегінде Алматы қаласындағы «Атакент» көрме орталығында мұнай индустриясындағы бірегей оқиға - «Мұнай және Газ - KIOGE 2018» көрмесі мен конференциясы бастау алды. Шараға Қазақстан, ТМД елдері мен алыс шетелдің атаулы саладағы ірі майталмандары қатысуда.
Биылғы жылы форумға әлемнің 25 елінен 500-дей компания қатысып, мұнайгазөндіру кәсіпорындарына арналған мұнайөндіруші, мұнай-газ және мұнай саласында қызмет көрсету компанияларының жаңа технологиялық, инжинирингтік және бағдарламалық әзірлемелерін, туындыларын ұсынуда.
КИОГЕ алаңы - бұл 14 000 шаршы метр алаңнан құралған Қазақстаннан және жақын және алыс шет ел мемлекеттерінен келген 4 000-нан астам мамандарды қабылдау мүмкіндігіне ие болатын көрме экспозициясы.
Қазақтеңізкөлікфлоты атынан форум жұмысына:
- Бас директордың Кеңесшісі Д.Н. Жұмашева;
- Маркетинг және келісім-шарттар департаментінің флотты коммерциялық пайдалану қызметінің басшысы Т.Д. Медина;
- Персонал басқару департаментінің офис-менеджері О.А. Краснова қатысуда.
Міне, ширек ғасыр бойына KIOGE көрмесі Қазақстанның мұнай саласының мәселелері мен өзекті тақырыптарын, «ақылды» технологияларын, мұнайөндіру процесін талқылаудың маңызды алаңы болуда. Форум жұмысы ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде аяқталады.