Жаңалықтар мен оқиғалар
Қайырымдылық науқаны Қазақстан Республикасының Білім министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комитетінің бастамашылығы бойынша бастау алды.
Балалар жылын атап өтуге бағытталған аталмыш науқан «Мектепке жол – шексіз мейірімділік» атты үндеумен өткізілді. Осы орайда «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС (ҚТКФ) Жастар одағы әлеуметтік қолдау көрсетуді насихаттау мақсатында ҚТКФ қызметкерлері арасында Ақтау қаласының №21 орта мектептегі бастапқы сыныптардың оқушылары үшін «Мектепке жол» науқанын ұйымдастырды. Осы науқан шеңберінде ҚТКФ қызмекерлері өз еркімен ақшалай қаражат жинап, оқушылар үшін кеңсе тауарларын және оқу құралдарын сатып алды.
Компания мейірімділік таныту нышаны балаларға оң әсерін тигізіп, олардың аға буын тарапынан танытылған мейірімділік пен ізгілікті, сүйіспеншілік пен қолдауды әрдайым сезініп отыратынына кәміл сенеді.
Жастар одағы осы іспеттес әлеуметтік акцияларға белсенді қатысқан ҚТКФ қызметкерлеріне шынайы алғысын білдіреді.