«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Маңғыстау облысының медициналық мекемелеріне қайырымдылық көмек көрсетті
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Маңғыстау облысының медициналық мекемелеріне қайырымдылық көмек көрсетті

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Маңғыстау облысының медициналық мекемелеріне қайырымдылық көмек көрсетті

| Жаңалықтар

Бүгінде COVID-19 короновирус жұқпасымен науқастану бойынша ауыр эпидемиологиялық жағдай абыржушылық тудыруда.


Бүкіл әлем блойынша кіші және орта бизнес өкілдері – ірі компаниялар денсаулықты сақтау ұйымдарына жан-жақты көмек көрсетуде: волонтерлер ретінде медициналық қызметкерлердің азық-түлігін ұйымдастыруда, жабдықтарды және жеке бас қорғанысының құралдарын (медициналық маскалар, қолғаптар) және т.б. сатып алуға ақшалай қаражатты аударуда.

Осы орайда «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы және «Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясы короновирус жұқпасымен күресуде алдыңғы шепте аянбай еңбек еткен дәрігерлерге жәнеауруханаларға демеушілік көмек көрсетуде белсенділік танытты.

Маңғыстау облысында короновирус жұқпасына және вирустық пневмонияға байланысты ауыр жағдайды ескере отырып, «ҚазМұнайГаз» ҚК АҚ және «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС басшылығы медициналық мекемелерді жалпы сомасы 320 млн теңгеге20 дана жасанды өкпе желдету (ЖӨЖ)  аппараттарымен қамтамасыз ету жөнінде шешім қабылдаған болатын. Бүгінде ЖҚЖ аппараттары Ақтау қаласына жеткізіліп, науқастарды толассыз қабылдап алу үстіндегі медициналық мекемелерге таратып беру үшін Маңғыстау облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасына табысталды.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бас директоры Айдар Оржанов барлық медициналық қызметкерлерге короновирус індетімен күрестетанытқан табандылығы үшін шынайы алғысын білдіріп, отандастарға өз денсаулығына мұқият қарауға, ал науқастанған адамдарға тез арада сауығып кетуіне тілектес болды.

А.Оржанов ҚМГ және ҚТКФ тарапынан осы аппараттарда жұмыс жасайтын медициналық персонал үшін оқу көздестірілгенін атап өтті.

ЖӨЖ аппаратының сипаттамасы: SUPERSTAR S1100 жасанды өкпені желдету аппараты бірнеше желдету, соның ішінде инвазивті және инвазивсіз режимінде жұмыс жасайды, ал бұл оның әрбір клиникалық жағдайға қарай неғұрлым оңтайлы нұсқасын қолдану мүмкіндігін береді.  Науқасты аппараттан шығарудың қолайлы процесі дәрігер жұмысын оңтайландырады, ал тікелей қолжетімділік батырмалары науқас жағдайының өзгерістеріне оралымды ден қою мүмкіндігін береді. Бұл хирургиялық оталу кезінде немесе оталудан кейіннемесе жүрек, өкпе немесе адам миының жұмысы, тыныс алудың ауыр жағдайларында респираторлық терапия жүргізу кезінде ересек адамдар мен балаларға дәрігерлік көмек көрсетудің бірден біроң шешімі болатыны сөзсіз.

Мониторинг өлшемдерінің мол интерфейсы әрбір өлшемді анық көру, сондай-ақ науқастың жай-күйінің бүкіл аспектілерін біліп отыру мүмкіндігін береді, науқастың толық қауіпсіздігіне кепілдік беретін көпдеңгейлі микропроцессорлармен, оптикалық және акустикалық индикаторлармен жарақталды. Осы орайда оның қолайлы конструкциясы аппаратты кезекті қолдануға тез арада ажыратып-жинау және зарарсыздандыру мүмкіндігін береді.

Бұдан бұрын «Қазақтеңізкөлікфлоты» тарапынан облыстық денсаулық сақтау ұйымдарына комбинезондар, түссіз көзілдіріктержәне түссіз жабық көзілдіріктер сияқты жеке бас қорғанысының құралдары берілді.


© 2025 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)

Сайтты әзірлеу: arctika.kz