«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС қызметкерлері «Теңіз 2018» Халықаралық кешенді оқуларына қатысты
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС қызметкерлері «Теңіз 2018» Халықаралық кешенді оқуларына қатысты

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС қызметкерлері «Теңіз 2018» Халықаралық кешенді оқуларына қатысты

| Жаңалықтар

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС қызметкерлері «Теңіз 2018» Халықаралық кешенді оқуларына қатысты.


Оқулардың мақсаты - Каспий теңізі акваторийінде төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою мәселелері бойынша Каспий жағалауы мемлекеттері арасында өзара қарым-қатынасты жақсарту, оңтайландыру.

Оқуларға Ресей Федерациясы, Әзірбайжан, Түркіменстан, Қазақстан Республикаларының құтқарушылары қатысты. Шараға төрт теңіз кемесі мен жеті бірлік құтқару катері қатыстырылды.

Оқулардың тәжірибелік бөлімі Баутин теңіз портында өтті. Атаулы порт тиісті инфрақұрылыммен қамтылған - теңіз кемелері үшін айлақ, байқау мұнарасы бар, құтқарушы командаларды сапқа тұрғызу орны, тікұшақ алаңы қарастырылған.

Каспий жағалауындағы мемлекеттердің құтқарушы бөлімшелері төтенше жағдайларды жою шараларын бірлесе атқарды. Теңізде қиын жағдайға душар болған адамдарды іздеу, құтқару, оларға алғашқы көмек көрсету, арнайы құтқару технологияларын қолдана отырып қауіпсіз жерге көшіру және тағы да басқа шеберліктерін көрсетті.


© 2025 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)

Сайтты әзірлеу: arctika.kz