Жаңалықтар мен оқиғалар
2024 жылғы 2 қазанда «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС-нің әкімшілік ғимаратында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Б.Б. Кенжетаев пен превенция департаментінің бас маманы Н.Т. Мұқатайдың қатысуымен кездесу өтті.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңызды мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында спикерлер компания қызметкерлеріне жұмыста ашықтық пен адалдық қағидаттарын сақтау қажеттілігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмаудың заманауи тетіктері, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттырудың практикалық қадамдары қарастырылды.
Аталмыш кездесулер компания ішіндегі барлық процестердің ашықтығы мен адалдығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бұл корпоративтік құндылықтарды нығайтып, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді.