Жаңалықтар мен оқиғалар
Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде «Теңізде қиын жағдайға душар болған адамдарды іздеу және құтқару, теңіз апаттары мен мұнай төгілу зардаптарын жою» тақырыбында «Каспий-2018» Халықаралық кешенді оқулары өтті.
Оқулардың ұйымдастырушысы - Ресей Федерациясы (Росморречфлот). Атаулы оқуларға «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС атынан «Есіл» сүйреткіші белсенді қатысты.
Оқулардың мақсаты – Каспий теңізі акваторийінде іздеу шаралары, сонымен қатар мұнай төгілу зардаптарын жою мәселелері бойынша құтқарушы күштер мен құралдардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыруды оңтайландыру, теңіздегі төтенше жағдайлардың зардаптарын жою бағытында апаттық-құтқару және оны басқару қызметінің дайындық деңгейін, құтқарушы күштер мен құралдардың жүктелген міндеттерді орындау, кеме экипаждары мен апаттық-құтқару бөлімшелерінің тәжірибесін жетілдіру.
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС қызметкерлері «Каспий -2018» Халықаралық кешенді оқуларына қатысты.
Оқуларға Қазақстан, Әзірбайжан, Түркіменстан Республикаларының қадағалаушылары қатысты. Ұйымдастырушылар атап өткендей, алға қойылған мақсаттар мен тапсырмалар орындалып, оқулар сәтті өтті