Жаңалықтар мен оқиғалар
«Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясының қызметкерлері 2020 жылғы 25 қыркүйекте жылдар бойы дәстүрге айналған «Кәді» тарихи ескерткішінің аумағында сенбілік өткізді.
Сенбілік барысында тарихи ескерткіш аумағын, сондай-ақ оған іргелес аймақты қоқыстан тазалау және аббаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
«Кәді» XIV–XX ғасырлардан мұра болып қалғанМаңғыстау облысының тарихи ескерткіші.
«Қазақтеңізкөлікфлоты» халқымыздың мәдени-тарихи және рухани мұрасы болып табылатын Маңғыстау облысының ескерткіштерін тиісті дәрежеде күтіп ұстауға бағытталған жұмыстарды ұдайы жүргізіп отырады.