Жаңалықтар мен оқиғалар
«Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясы короновирус жұқпасымен және вирустық пневмониямен күресте Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары мен халыққа қолдау көрсетуді жалғастырды.
Жақын арада облыстық әкімдік «Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясына өңірдің тұрғындары үшін қайырымдылық жүктерін тасымалдауда ақысыз көмек көрсету туралы өтініш білдірді.
Маңғыстау облысы әкімдігінің өтініші бойынша Дағыстан Республикасының ауыл шаруышылығы министрлігі қайырымдылық жүктерін тасымалдауда қолғабыс етті. Қайырымдылық жүктерінің тізімінде медициналық маскалар, антисептиктер, медициналық қорғаныс костюмдері және «Каспер» комбинезондары болды.
ҚТКФ осы шаралардан қалыс қалмай аталмыш жүктерді Махачкаладан Ақтау портына тасымалдауда және кейінгі уақытта облыстық әкімдіктің өкілдеріне табыстауда ақысыз көмек көрсетті. Қайырымдылық жүктерінің тасымалы «ТК Ақтау» танкерімен жүзеге асырылды.