Жаңалықтар мен оқиғалар
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев қызметтік сапармен Маңғыстау облысына келді.
Ақтау қаласында Каспий теңізі жағалауына ҚТКФ Бас директоры М.К. Орманов еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алдында баяндады. Марат Көшкінбайұлы Қазақтеңізкөлікфлотының Каспий теңізінде көшбасшы екенін айтып, Елбасын биылғы Компанияның 20 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Сонымен қатар, ҚТКФ "Теңізшевройлдың" Болашақ Кеңейту Жобасына қатысын атап өтті. Атаулы жоба үшін заманауи флотқа тапсырыс жасалып, Голландияда "Ембі", "Талас", "Ырғыз" күшті сүйреткіштер жасалды. "Барыс" пен "Бүркіт" көпфункционалды кемелері қабылданды. Үшінші "Сұңқар" кемесі Қазақстанға а.ж. қыркүйек айында келеді.
"Құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы, Қазақтеңізкөлікфлоты әрқашан сенімді бағытта жүруде деп Сізді сендіргім келеді!"- деп Марат Көшкінбайұлы сөзін аяқтады.