Жаңалықтар мен оқиғалар
Ағымдағы жылдың 2 мамырында Каспий теңізі жағасында Түркіменбашы қаласында халықаралық теңіз портының салтанатты ашылуы өтті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Түркіменбашы халықаралық порты елдер мен халықтар арасындағы сауда, экономика, инвестиция ғана емес, сонымен қатар саяси, мәдени, гуманитарлық, кәсіби байланыстардың, достық пен ынтымақтың нығаюына да әсер ететін болады.
Осы күні «Ұлы Жібек жолы – дамудың жаңа шекарасына» атты көлік, тасымал тақырыбындағы Халықаралық конференция өтті.
Атаулы шараларға «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бас директоры Марат Көшкінбайұлы Орманов қатысты. Сондай-ақ, салалық көрмеде Компания атынан «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК қызметкері – техникалық суперинтендант Нұржан Жұмаев болды.