Жаңалықтар мен оқиғалар
2021 жылдың 5 ақпанында «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» Бас директоры А.Е.Оржановтың ұжыммен есеп беру кездесуі өтті.
Қызметкерлердің қашықтықтан жұмыс істеу форматында болғандықтан, кездесу бейнеконференция арқылы өтті. Кездесу барысында өндірістік-экономикалық көрсеткіштер, инвестициялық жобалардың жүзеге асу барысы, кемелердің қауіпсіз жұмысы, қоршаған ортаның ластануы мен апаттардың болмауы, кадрлық және әлеуметтік саясат, сондай-ақ «COVI0-19» таралуын болдырмауға бағытталған шаралар туралы айтылды.
Мұнай тасымалдау 2020 жылы ҚТКФ тасымалдаған мұнайдың жалпы көлемі 8,990 мың тоннаны немесе бұл 161% құрады, жоспар бойынша 5 580 мың тонна болатын. Каспий аймағында ҚТКФ өз флотымен 629 мың тонна мұнай тасымалдады немесе 116% асыра орындалды, жоспар бойынша 540 мың тонна болатын. Қара және Жерорта теңіздерінде мұнай тасымалдау бойынша өндірістік көрсеткіштер 2020 жылы 8 361 мың тоннаны немесе жоспарланған 5 040 мың тоннадан 166% асыра орындалды.
Жалпы «COVID-19» пандемиясына және шектеулерге қарамастан 2020 жылғы өндірістік жоспар 166% артық орындалды. Құрғақ жүктер мен контейнерлерді тасымалдау 2020 жылы 49 мың тонна құрғақ жүк, оның ішінде полипропилен, карбамид, барит, металл сынықтары, мырышталған болат және т.б. тасымалданды 12 434 ЖФЭ контейнер (160 мың тоннадан астам) тасымалданса, оның ішіндегі Ақтау-Баку бағытында 8 476 ЖФЭ және Баку-Ақтау бағытында 3 958 ЖФЭ құрады.
Есепті кезеңдегі ҚТКФ кірістері жоспарланған көрсеткіштен 157% құрады.2020 жылы инвестициялық жобаларды іске асыру бағытында ауқымды жұмыс жүргізілді: «Екі Афрамакс мұнай танкерлерін сатып алу / салу және пайдалану» инвестициялық жобасын бастауға келісім алынды.«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС зауыт салу жобасы шеңберінде ҚТКФ Констанца портынан (Румыния) Жайық өзеніне (Атырау) дейін 25 бірлік ірі жүк жеткізді.
«Теңізшевройл» ЖШС Болашақты кеңейту жобасында компанияның «Барыс» және «Бүркіт» көпфункционалды жүк кемелері мен «Талас» және «Ембі» сүйреткіштері өз жұмыстарын сәтті және уақытылы аяқтады.Контейнерлік тасымал үшін «Барыс» MCV модернизациялау бойынша жұмыс басталды. Халықаралық «Транскаспий халықаралық көлік маршруты» қауымдастығы аясында «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» жаңа Еуропадан Азияға теміржол бойымен жүк тасымалдау жобасына қатысты. Жүктер Ақтау портына Каспий теңізі арқылы Қазақтеңізкөлікфлотының «Бекет Ата» құрғақ жүк тасымалдайтын кемесімен жеткізілді (анықтама үшін: тұтыну тауарлары салынған контейнерлер тиелген маршруттың жалпы ұзындығы 8693 км (2 құрлық, 2 теңіз және 5 ел).
Жолдағы мерзім – 12-13 күн, жүктердің жеткізілу жері – Қытайдың Шанхай қаласы). Компанияның OCIMF (ірі мұнай компанияларының форумы) талаптарына сәйкестігін бағалау нәтижелері бойынша компанияға «А» максималды рейтингі берілді.2020 жылдың сәуірінде «Теңізшевройл» ЖШС Болашақты кеңейту жобасы аясында «Bertling Kazakh Logistic» ЖШС үшін KCOI өндірістік базасынан Прорва портына дейін ҚТКФ күшімен ірі көлемдегі 2 бірлік жүк тасымалдады. 2020 жылы апаттар, мұнайдың төгілуі және қоршаған ортаның ластану жағдайлары тіркелмеді, компаниядағы тұрақтылық сақталды. Кемелердің теңізде жүзу саласындағы халықаралық талаптарға сәйкестігін куәландыру жоспарлы және аралық зерттеулерден уақытылы өткізілді.
Сыртқы аудиттің нәтижелері бойынша «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы менеджмент жүйесінің тексерілгенін және ISO 45001: 2018 халықаралық стандартының талаптарына сай екенін куәландыратын сертификатқа ие болды. Сертификатты «Ресейлік реестр» сертификаттау қауымдастығы берді. Қызметкерлердің қашықтықтан жұмыс жасауына барынша жағдай жасалды. Техникалық қызмет көрсету жұмыстары өз деңгейінде жүргізілді, ақпараттық жүйелердің, телекоммуникация құралдарының жұмысында ақаулар мен тоқтап қалуларға жол берілмеді.Коронавирустық инфекцияның таралмауын қамтамасыз ету мақсатындағыі уақтылы шаралардың арқасында ҚТКФ қызметкерлері мен кеме экипаждары арасында «COVID-19» салдарынан өлім тіркелген жоқ.2020 жылғы пандемия мен карантин кезіндегі ҚТКФ басты мақсаты компанияның барлық әлеуметтік кепілдіктері мен мүдделерін қамтамасыз ету және сақтау арқылы ҚТКФ жұмысының тиімділігі мен персоналды басқару болып табылады.Қызметкерге жұмыс барысында қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек қатынастарын орнату мақсатында әр түрлі материалдық көмек көрсетілді, қызметкерлер мен олардың отбасыларына жыл сайын медициналық сақтандыру жүргізілді. ҚТКФ ұжымы, Компанияның Жастар Кеңесінің мүшелері аймақтағы әлеуметтік маңызды шараларға белсенді қатысты.
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияға байланысты қиын жағдайды ескере отырып, облыстағы медициналық мекемелерге 20 бірлік өкпенің жасанды желдеткіш аппаратымен (ИВЛ) қамтамасыз етілді. 2020 жылдың шілдесінде құрылғылар Ақтау қаласына жеткізіліп, емдеу мекемелеріне одан әрі тарату үшін Маңғыстау облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына тапсырылдыі. Облыстың денсаулық сақтау ұйымындарына жеке қорғаныш құралдары, оның ішінде арнайы киім, көзілдірік пен пульсоксиметрлерді сыйға тартылды.
«ТК Ақтау» танкерімен Махачкаладан (Дағыстан Республикасы) Ақтау портына дейін қайырымдылық жүктері – медициналық маскалар, антисептиктер, медициналық қорғаныс костюмдері және «Каспер» арнайы киімдері жеткізіліп, одан әрі Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдеріне тапсырылды.«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Бас директоры А.Оржанов өндірістік проблемалар, оларды шешу жолдары және 2021 жылға арналған бірінші кезектегі міндеттер туралы айтты, сонымен қатар компания қызметкерлері мен флот экипаждарына алғысын білдірді.