Жаңалықтар мен оқиғалар
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС2020 жылғы 17 қыркүйекте «Мұнайдың авариялық төгілуін оқшауландыру және жою» тақырыбы бойынша Ақтау портының акваториясында мұнайдың авариялық төгілуін жою бойынша оқу-жаттығуларға қатысты. Оқу-жаттығуларды өткізу шеңберінде «ТК Ақтау» танкері тартылды.
Оқу-жаттығулардың сценарийі бойынша жүк жұмыстары технологиясы бұзылған болды. Жоспар бойынша мұнай танкерлерінен шикі мұнайдың төгілуі және Ақтау портындағы төртінші айлақ акваториясының ластануы көздестірілді.
Оқу-жаттығулардың мақсаты: практикалық дағдылық бойынша жұмыстану, Ақтау порты бөлімшелерінің өзара іс-қимылын пысықтау және порт акваториясында мұнайдың төгілуін оқшаулау мен жою үшін табиғатты қорғау жабдығын қолдану бойынша порт флотының кеме экипажын және пеорсоналды оқыту, сондай-ақ «ТК Ақтау» танкерінің бортында өрт сөндіру, адамдарды эвакуациялау, борт сыртында қалған экипаж мүшелерін құтқару.
Оқу-жаттығуларды жүргізу барысында:
- лезде орнатудың қоршау бондарымен жұмыс жасау дағдыларын пысықтау;
- мұнайдың төгілуін оқшаулау мен жою бойынша порт флоты кемелері экипаждарының практикалық жұмыс дағдылары пысықталды;
- операцияның бүкіл кезеңдерінде өзара іс-қимылды және уақыт нормативтерін ұйымдастыру тексерілді;
- мұнайдың төгілуін оқшаулау мен жоюдың бүкіл кезеңдерінде олардың орналасуының нақты жағдайларына, «төгілу аймағы» дрейфіне, теңізге төгілген мұнай көлеміне, қалыптасқан ауа-райының жағдайларына қарай жұмыс жоспары таңдалды;
- оқу-жаттығуларға қатысушылардың іс-қимылы келісілді;
- табиғатты қорғау жабдығын қолдана отырып акваторияны тазалау бойынша оқыту бойынша жұмыстар жүргізілді.
Барлық бөлімшелер мен оқу-жаттығуларға қатысушылар жұмыстарды жұмыла орындады. Оқу-жаттығулардың мақсатына қол жеткізілді.