«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС А.Е.Оржанов «Көлік және логистика» халықаралық көрмесі шеңберінде өткізілген халықаралық конференцияға қатысты
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС А.Е.Оржанов «Көлік және логистика» халықаралық көрмесі шеңберінде өткізілген халықаралық конференцияға қатысты

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС А.Е.Оржанов «Көлік және логистика» халықаралық көрмесі шеңберінде өткізілген халықаралық конференцияға қатысты

| Жаңалықтар

Ағымдағы жылғы қазанның 13-інен 15-іне дейін Алматы қаласында «Көлік және логистика» 24-ші халықаралық көрмесі (TransLogistica Kazakhstan) өтті.


Бұл Орталық Азиядағы көліктік-логистикалық қызметтердің ең ірі, маңыздылығы бойынша TransRussia кейін ТМД және Балтық маңы елдерінен қатысушылар көп жиналатын көрмелердің бірі. TransLogistica Kazakhstan өзінің құрылған күнінен бастап 24 жыл ішінде көліктік-логистикалық, машина жасау және іргелес салаларда еңбек ететін мамандар үшін маңызды оқиғалардың бірі болды.

Жылдар бойы қалыптасқан дәстүр шеңберінде кезекті «Көлік нарығы және логистика» ІІІ Халықаралық конференциясы ұйымдастырылды. «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бас директоры Айдар Оржанов осы конференция жұмысына қатысып, «Теңіз тасымалы. Инфрақұрылым» сессиясында баяндама жасады.

ҚТКФ Бас директоры өз баяндамасында ҚТКФ компаниясы Ұлттық теңіз тасымалдаушысы болып табылатындығын атап өтті. Компанияға Қазақстан Республикасында ірі және қазіргі заманға сай флот - танкерлер, сүйреткіш кемелер, сондай-ақ ірі көлемді жүктерді тасып шығаруға арналған кемелер және әртүрлі мақсаттарға көзделген баржалар тиісті.

Бүкіл әлім бойынша орын алған қолайсыз экономикалық жағдайға қарамастан ҚТКФ бүгінде дер кезінде алынған шаралар есебінен қызмет тиімділігін арттыруға, шығындарды мейлінше азайту мен клиенттердің қанағаттанушылық деңгейін арттыруға айрықша назар аудара отырып оң жетістіктерге қол жеткізуде. Кемелердің авариясыз пайдаланылуын қамтамасыз ете отырып мұнайдың төгілуіне жол берілмеді, әлеуметтік тұрақтылықты сақтау және кемелер мен компания жағалау персоналының әлеуметтік ахуалын жақсарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізілді.

Компания «Теңізшевройл» Болашақ кеңейту жобасы, «Атырау қаласында KPI мұнайхимиялық кешен құрылысы» сияқты ірі жобаларға қатысты, ТХКМ шеңберінде Ақтау-Баку-Ақтау маршруты, сондай-ақ Түрікменбашы-Баку маршруты және т.б. бойынша фидерлік желі бойынша контейнерлердің тасымалын жүзеге асыруда.

ҚТКФ басшысы перспективада контейнерлерді таситын ҚТКФ кемелерін Солтүстік-Оңтүстік көлік дәлізі шеңберінде Каспий теңізінде Ресей порттары – Каспийдің оңтүстік жағалауында Иран порттары маршрутында, сондай-ақ Ақтау, Баку, Түрікменбашы порттарынан Иранның Каспий порттары бағытындағы маршруттарда кеңінен пайдалану мүмкіндігі пысықталып отырғанын атап өтті.

Қазіргі уақытта «Көлік және логистика» халықаралық көрмесі шеңберінде іс-шаралар жалғасуда. Оның қатысушылары екі күн бойы отандық көлік саласы – контейнерлерді тасымалдау бағдарламасының жай-күйін және даму перспективаларын, көлік саласында ақпараттық және цифрлық технологияларды, көлік және логистикада КСО құрылысын және инфрақұрылым жобаларын, транзитті одан әрі жетілдіру және теңіз, әуе, автомобиль және темір жол тасымалын қосқанда тасымалдау мәселелерін талқылады.


© 2025 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)

Сайтты әзірлеу: arctika.kz