Жаңалықтар мен оқиғалар
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК ЖШС (бұдан әрі - ҚТКФ, Ұлттық теңіз операторы) мұнай тасымалдауының жалпы көлемі 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 5 095 мың тоннаны немесе жоспарланған көрсеткіштің 180% (2 830 мың тонна) құрады.
Каспий аймағында Ақтау - Махачкала бағытында КТКФ өз флотымен 328 мың тонна мұнай тасымалдады.Бұл жоспарланған көрсеткіштің 121% (270 мың тонна).
Ашық теңіздер бойынша. Ашық теңіздерде мұнай тасымалдау бойынша өндірістік көрсеткіштердің орындалуы 4 767 мың тоннаны құрады немесе жоспарланған көрсеткішке (2 560 мың тонна) қатысты 186%.
Оның ішінде Қара теңіз шегінде мұнай тасымалдау 2 016 мың тоннаны құрады, бұл жоспарланған көрсеткіштің (1,880 мың тонна) 107%. Қара теңізден тысқары 2 751 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл жоспарланған көрсеткіштің (680 мың тонна) 405%.
Контейнерлік тасымалдау. ҚТКФ Транскаспийлік халықаралық көлік бағыты аясында 2019 жылдың сәуірінде іске қосылған Ақтау-Баку-Ақтау тұрақты фидерлік желісінің теңіз операторы.
Фидерлік желі Іске қосылған күннен бастап 30 мыңға жуық жиырма футтық эквивалентті (ЖФЭ) контейнер тасымалданды. 2021 жылдың қаңтар-маусымында Ұлттық теңіз операторының кемелері 8 017 ЖФЭ контейнер тасымалдады, оның ішінде Ақтау-Баку бағытында 6 168 ЖФЭ және Баку-Ақтау бағытында 1849 ЖФЭ.