Жаңалықтар мен оқиғалар
Бүгін, 2019 жылы 2 мамырда «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК бас директоры Орманов М.К. ұжымға экономика және қаржы жөніндегі жаңа орынбасары ретінде Сүлейменов Ринат Ғалымжанұлын тағайындап, таныстырды.
Р. Сүлейменов 1974 жылы 30 сәуірде дүниеге келген. Білімі – жоғары. Мамандығы бойынша экономист, инженер-экономист. Bournemouth University (Ұлыбритания) MBA (Master of Business Administration) дәрежесін иеленген.
Ринат Ғалымжанұлының қаржы секторында мол тәжірибесі бар. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында міндетін атқарғаннан кейін, ол өзінің еңбек жолын ҚР Парламентінің Шаруашылық басқармасының Өндірістік-пайдалану кәсіпорнында маман ретінде бастаған, 2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде жұмыс атқарған. 2012 жылдан бері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарушы лауазымдарда жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Р. Сүлейменов салалық ғылыми-практикалық конференцияларға белсене қатысады және бірнеше ғылыми басылымдардың авторы болып табылады. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.