Жаңалықтар мен оқиғалар
Бүгін Қазақстанда барлық этникалық топтардың бір-біріне және мейірім мен жомарттық танытқан қазақ еліне ризашылығын білдіретін күні атап өтілуде.
Елбасының бастамасымен бұл мереке елімізде 2016 жылдан бастап атап өтілуде. 2015 жылдың сәуір айында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 22-ші сессиясында біздің Республикамызда Ризашылық күнін атап өтуді ұсынды. Мереке күні ретінде Ассамблеянының құрылған күні - 1 наурыз таңдалды.
Көктемнің алғашқы күнінде ел халқы бір-біріне тек төзімділік пен қонақжайлылық үшін ғана емес, өзара қолдау көрсетуі үшін де алғыс білдіре алады.
Осы мүмкіндікті пайдаланып, біздің «Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниямыз барлығына: әріптестеріне, серіктестеріне, достарына, оқырмандарына үлкен алғысын білдіреді. Біз сіздерге тығыз ынтымақтастық, өзара көмек және қолдауларыңыз үшін ризамыз!
Біз бұл Ризашылық күні еліміздегі барлық қазақстандықтардың достық пен сүйіспеншілік мерекесі болатынына сенімдіміз. Біздің халқымыздың жанашыр жүрегі мен жан дүниесінің арқасында 130-дан астам этникалық топ бейбіт аспан аясында тату-тәтті өмір сүруде.
Мереке құтты болсын, құрметті отандастар!