Жаңалықтар мен оқиғалар
Бүгінгі таңдағы бүкіләлемдік қиын-қыстау кезеңде әлемдік және қазақстандық ірі корпорациялар, шағын және орта бизнестің өкілдері ауруханалар мен коронавирус індетінің негізгі күрескерлері - дәрігерлерге көмек беріп, қолдау көрсетуде.
Осы кезеңде Қазақтеңізкөлікфлоты да шетте қалған жоқ. Маңғыстау облысындағы коронавирустық инфекция (COVID-19) және вирустық пневмониямен байланысты қиын жағдайды ескере отырып, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК аймақтағы медициналық мекемелерді 20 дана өкпені жасанды желдету құрылғыларымен және жеке қорғаныс құралдарымен: комбинезондар, қауіпсіздік көзілдіріктер және қауіпсіздік жабық көзілдіріктермен қамтамасыз етуді жоспарлады. Жалпы сомасы 320 миллион 95 мың теңгені құрайды.
Атаулы құрылғылар осы айдың аяғына дейін Ақтау қаласына жеткізіліп, әрі қарай науқастарды қабылдаушы медициналық мекемелерге тарату мақсатында Маңғыстау облысының әкімдігіне берілетін болады.