«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті

| Жаңалықтар

Бүгін «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК кеңсесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.


Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясының ұжымын компания басшылығы, «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Н.Л.Тұмышев Ұлттық мерекемен құттықтады. Жиналыс барысында «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК құжаттамалық қамтамасыз ету және ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Қ.Қ.Есетов Тәуелсіздіктің 27 жылындағы Қазақстанның жетістіктері мен жеңістері туралы баяндады. Ол республиканың халықаралық аренадағы маңызы, еліміздің инвестициялық саясаты, өндірңстік және әлеуметтік сала, денсаулық және білім беру салаларына тоқталып өтті.

«Қазақстанның жетістіктері бұнымен тоқтамайды. Біздің тәуелсіздігіміздің болашағы «Қазақстан-2050» ұлттық стратегиясы мен бағдарламалары, бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшін «100 нақты қадам», «Нұрлы жол», «Үшінші модернизация» бағдарламалары шеңберінде қазақстандық қоғамның түрлі салаларын кең ауқымды жаңғыртуға, Рухани Жаңғыру, «2025 жылға дейінгі Қазақстанның стратегиялық даму жоспары» негізіне бағытталған, - деп қорытындылады Қуаныш Калпенұлы.

Салтанатты шара барысында «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Н.Л. Тұмышев Компания ұжымын мерекемен құттықтап, Қ.Есетовтің ұлттық флоттың дауына қосқан үлесі мен Ақтау қаласы мәслихатының депутаты ретіндегі белсенді жұмысын атап өтіп, «Астананың 20 жылдығы» медалін табыстады.


© 2025 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)

Сайтты әзірлеу: arctika.kz