Жаңалықтар мен оқиғалар
2019 жылы 4 мамырда «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК" ЖШС REP TRANS 2013 LTD (Грузия) және ASIA TRADE DMCC (Грузия) компанияларының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу мақсаты– жақында іске қосылған Ақтау-Баку фидерлік желісі бойынша тиелімді ұлғайту. Аталған кездесу «ҚТЖ» ҰК" АҚ Басқарма төрағасының логистика жөніндегі орынбасары Павел Соколовтың жүргізуімен өтті.
Кездесу барысында грузиялық компания өкілдері Александр Закалашвили мен Леван Качарава Ақтау порты арқылы «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК" ЖШС фидерлік кемелерінің рефрижаторлық контейнерлерін тасымалдауға қызығушылық танытты.
Сонымен қатар кездесуге «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері қатысып, келіссөздер барысында олар контейнерлік жүктерді түсіріп, тиеуге қажетті барлық жағдай жасалғандығына сендірді.