Жаңалықтар мен оқиғалар
14-15 мамырда Ақтау қаласында «Каспий порттары және кеме қозғалысы - 2019» атты I Халықаралық көрме-конференциясы өтті.
Екі күн бойы теңіз жабдықтары, цифрлы жүйелер мен логистикалық компаниялардың қызметтері ұсынылды. Конференцияға әлемнің 19 елінен 200-ге жуық делегат қатысты. 30-дан астам әлемдік деңгейдегі шетелдік көлік-логистикалық компаниялардың өкілдері Каспий аймағы арқылы Азия мен Еуропа мемлекеттері арасындағы сауда жолдарын құру және жетілдіру бойынша бірқатар мәселелерді талқылады және Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға дайын екендігін білдірді.
Атаулы іс-шараға «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Бас директоры Орманов Марат Көшкінбайұлы қатысты.