Жаңалықтар мен оқиғалар
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Бас директоры Айдар Оржанов 5-7 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткен «КИОГЕ» Мұнай және Газ» халықралық көрмесінің жұмысына қатысты.
КИОГЕ - мұнай-газ саласының негізгі даму үдерісін және инновациялық технологияларын танытуға арналған беделді алаң. Салалық маңызды оқиғалардың бірі ретінде, мұнай-газ саласына арналған нақты шешімдерді әзірлеуге және өзекті экономикалық идеяларды дамытуға септігін тигізеді.
КИОГЕ көрмесі өз тарихында Қазақстанның мұнай -газ саласының визит картасына айналды. Жыл сайын КИОГЕ алаңында әлемнің жиырмадан астам елдерінен 300 қатысушы компания мен 4000-нан астам кәсіби мамандар жиналады.