«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Бас директоры Айдар Оржанов әріптестерін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Бас директоры Айдар Оржанов әріптестерін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Бас директоры Айдар Оржанов әріптестерін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

| Жаңалықтар

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті.


ҚТКФ Бас директоры Айдар Оржанов ұжымды мерекемен құттықтады. «Еліміздің ең басты ұлттық мерекесі келе жатыр. Тәуелсіздіктің 29 жылы ішінде елімізде мемлекеттік тұрғыдан ірі ауқымды өзгерістер болды. Айтарлықтай реформалар жүргізілді. Меншікті Мемлекеттік шекарамыз, Рәміздеріміз, Сот жүйесі, Парламентіміз, Қарулы күштеріміз, Ұлттық валютамыз, Ұлттық флотымыз пайда болды.

Каспийде және ашық теңіздерде жұмыс істеген жылдар ішінде шамамен 150 млн. тонна жүк тасымалдадық. Пандемияға қарамастан біз жұмыстың жоспарлы көрсеткіштерін артығымен орындап отырмыз. Біздің әрі қарай дамуымыз үшін айқын стратегиялық бағыттарымыз бар.

Осы мереке Отанымыздың, келешек ұрпақтарымыздың және тарихымыздың игілігі үшін мақсаттарға қол жеткізу жолында бізге әрдайым қайрат пен сенімділік бере берсін! Сіздерге және жақындарыңызға денсаулық, шынайы бақыт, бейбіт өмір мен жақсылықты, барлық бастауларыңыздың сәтті болуын тілеймін! Әрбір отбасында молшылық пен береке болсын!» - деді Айдар Есенжанұлы.

Компания басшысының құттықтау сөзінен кейін қалыптасқан дәстүр бойынша жұмыста көзге түскен қызметкерлерге марапаттар табысталды.

Еңбекті қорғау, экология және сапа департаментінің директоры Б.Кайболдиев «Су көлігі саласының үздігі» Төсбелгісімен марапатталды. Бұл марапатты Бауыржан Амандықұлы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары К.Нұркеновтің қолынан алды.

Флоттың техникалық эксплуатациясы департаментінің тәлімгер-механигі А.Тапалов Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасымен мапапатталды.

Теңізде жүзу қауіпсіздігі департаментінің директоры М.Манов «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Естелік белгісімен марапатталды. Өндірістік-пайдалану департамент директоры С.Ермағанбет «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Құрмет грамотасымен марапатталды.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Құрмет грамоталарымен:

  • «ЫРҒЫЗ» сүйреткіші капитанының аға көмекшісі Б.ЖетІмеков;
  • «ТАЛАС» сүйреткішінің капитаны Э.Гартман;
  • «СҰҢҚАР» MCV капитаны Р.Рамазанов;
  • «ЕМБІ» сүйреткішінің бас механигі А.Дедов;
  • «AҚTAУ ТК» танкерінің электр механигі А.Шамов;
  • «БҮРКІТ» MCV боцманы А.Тауманов;
  • «БАРЫС» MCV боцманы У.Исчанов;
  • Сатып алу және жергілікті қамту департаментінің маманы Б.Боранбаев;
  • Өндірістік-пайдалану департаментінің жетекші маманы В.Дзюблик марапатталды.

© 2025 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)

Сайтты әзірлеу: arctika.kz