«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК 2021 жылдың 9 айындағы басты өндірістік көрсеткіштері
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК 2021 жылдың 9 айындағы басты өндірістік көрсеткіштері

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК 2021 жылдың 9 айындағы басты өндірістік көрсеткіштері

| Жаңалықтар

Мұнай тасымалы


«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК ЖШС мұнай тасымалдауының жалпы көлемі 2021 жылдың 9 айында 7 726 мың тоннаны немесе жоспарланған көрсеткіштің 180% (4 285 мың тонна) құрады. Каспий аймағында Ақтау - Махачкала бағытында КТКФ өз флотымен 491 мың тонна мұнай тасымалдады. Бұл жоспарланған көрсеткіштің 121% (405 мың тонна).

Ашық теңіздер бойынша

Ашық теңіздерде мұнай тасымалдау бойынша өндірістік көрсеткіштердің орындалуы 7 235 мың тоннаны құрады немесе жоспарланған көрсеткішке (3 880 мың тонна) қатысты 186%.

Контейнерлік тасымалдау

Ақтау-Баку-Ақтау тұрақты фидерлік желісіТранскаспийлік халықаралық көлік бағыты аясында 2019 жылдың сәуірінде іске қосылған болатын. «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК осы желінің теңіз операторы болып анықталды. Фидерлік желі Іске қосылған күннен бастап 30 мыңнан астам жиырма футтық эквивалентті (ЖФЭ) контейнер тасымалданды.

2021 жылдың 9 айында Ұлттық теңіз операторының кемелері 12 869 ЖФЭ контейнер тасымалдады, оның ішінде Ақтау-Баку бағытында 9 749 ЖФЭ (68,77%) және Баку-Ақтау бағытында 1 849 ЖФЭ (28,29%).

Контейнерлер типіне қарай (барлық контейнерлер саны бойынша) келесі көрсеткішті құрады:

  • жиырма футтық - 47%
  • қырық футтық - 42%
  • қырық футтық тоңазытқыштық - 9,2%
  • қырық бес футтық - 0,23%

© 2025 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)

Сайтты әзірлеу: arctika.kz