Жаңалықтар мен оқиғалар
Бүгін, 2019 жылдың 3 шілдесінде «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК Бас директоры Орманов Марат Көшкінбайұлының төрағалығымен Компанияның 2019 жылдың І жартыжылдығындағы өндірістік қызметінің қорытындысы бойынша ұжымдық жиналыс өтті.
Күн тәртібіне сәйкес қызметтің мынадай негізгі бағыттары бойынша жетекшілік ететін жауапты тұлғалардың жұмыс есебі тыңдалды:
- Техникалық блок қызметінің қорытындылары және екінші жартыжылдыққа арналған міндеттер бойынша Бас директордың теңізде жүзу қауіпсіздігі және флотты пайдалану жөніндегі орынбасары Ж.Т.Көпбаев баяндады;
- Коммерциялық қызмет пен даму стратегиясы бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындылары мен екінші жартыжылдыққа жоспарланған міндеттер туралы Бас директордың коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары А.Е. Оржанов мәлімдеді;
- Қаржылық-экономикалық қызмет нәтижелері және екінші жартыжылдық міндеттері жайлы;
- Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Р.Г. Сүлейменов баяндады;
- Әкімшілік-ұйымдастыру қызметі жайында Бас директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары В.С. Черкасский сөз сөйледі;
- Кадр саясаты туралы қызметкерлер құрамын басқару департаментінің директоры Ж.С. Аязбеков баяндады.
Марат Көшкінбайұлы жиналысты қорытындылау барысында Компания бөлімшелерінің қызметіне оң баға берді: бірінші жартыжылдықтағы жоспарлар орындалған және асыра орындалған. Сонымен қатар ол Компанияның алдағы жартыжылдыққа арналған міндеттеріне бөлімшелер бойынша тоқтап өтіп, олардың басшылары мен жетекшілік ететін жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.