Жаңалықтар мен оқиғалар
2018 жылдың 19 мамырында «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС өкілдері XIV-XX ғасырлардың тарихи ескерткіші «Кәді» көне қорымында сенбілік өткізді.
Шара барысында аймақты тазалау, сырлау жұмыстары жүргізілді. Шараның мақсаты - Маңғыстау өңірінде орналасқан тарих пен мәдениет ескерткіштерін, діни объектілерді талапқа сай ұстау, қорғау.
Сенбілік Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» атты бағыты бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қарасты компаниялар тобымен жүзеге асырылудағы «Үстірт ескерткіштеріне - ел құндылықтары» жалпы корпоративтік акциясы аясында өткізілді.