Жаңалықтар мен оқиғалар
Бүгін, 12 қазанда, Қазақтеңізкөлікфлоты қызметкерлері республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қосылып, Ақтауда 20 ағаш пен 100 бұта отырғызды.
Акция экологиялық сананы арттыру және қоршаған ортаны көгалдандыру мақсатында ұйымдастырылды.
Акцияға «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының 1400-ден астам қызметкері қатысып, Қазақстанның әртүрлі аймақтарында 10 мыңнан астам ағаш отырғызды. Бұл іс-шара жыл сайын жүзеге асырылатын ҚазМұнайГаздың көгалдандыру бастамасының бір бөлігі болып табылады, оның аясында қазірдің өзінде 37 мыңнан астам ағаш отырғызылды.