Жаңалықтар мен оқиғалар
Еліміздегі су тасқыны жағдайының сақталуына байланысты, 80 мыңнан астам адам эвакуацияланды және басым бөлігі уақытша орналастыру пункттерінде орналастырылды.
Отандық көптеген компаниялар, соның ішінде "Қазақтеңізкөлікфлоты" еліміздің батысындағы су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді қатысуда. Осылайша, компания атынан құтқару және іздеу жұмыстарына көмектесетін 20-ға жуық үрлемелі салдар берілді. Үрлемелі салдарлар Маңғыстау облысы ТЖД қызметкерлері Атырау облысына жіберді.
Бұдан басқа, ҚТКФ Жастар саясаты қызметкерлер мен экипаж арасында қайырымдылық жиынына бастамашылық жасап, жиналған қаражатты Ақтау қаласына эвакуацияланған адамдарға гуманитарлық көмек көрсету үшін жіберілетін болады.