Жаңалықтар мен оқиғалар
Балаларды қорғау күніне орай Ақтау қаласында «LAURA» мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастардың XI Халықаралық фестивалі өтті.
Биылғы жылы атаулы шара аймақтық көлемнен асып түсті. Оған тек қазақстандық ғана емес, Түркия мен Ресейден келген қонақтар да қатысты. Бұл әлеуметтік маңызды шараға «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҚТКҚК» ЖШС дәстүрлі түрде демеушілік жасады. Ағымдағы жылы фестивальға 200-дей балалар мен жастар қатысты. Түркия мен Ресейден келген қатысушылар шара бағдарламасын қызықты концерттік номерлерімен әрлендірді.
Фестиваль аясында балалардың қолөнер шеберлігінің көрмесі ұйымдастырылды. Гала-концертте қатысушылар әртүрлі тілде ән шырқады, ұлттық билер биледі және Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері мен театрландырылған көріністерімен көрермендердің көңілінен шықты.
Биылғы жылы Фестиваль Астана қаласының 20 жылдығына, еліміздің ақмаржан қаласы Ақтаудың 55 жылдығына және Қазақтеңізкөлікфлоты компаниясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылды.