Жаңалықтар мен оқиғалар
Қазақтеңізкөлікфлоты Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бірлесіп лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өткізді.
Іс-шара өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы қолданыстағы Меморандум аясында ұйымдастырылды. Оқу-жаттығуға «Барыс» контейнер кемесі жұмылдырылды.
Оқу-жаттығудың мақсаты – ықтимал қауіптер жағдайында экипаждың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын пысықтау және теңіз тасымалы қауіпсіздігін арттыру. ҚТКФ Каспий теңізі акваториясында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және жедел әрекет етуге дайындығын растады.
Instagram: https://www.instagram.com/p/DCyRmz0skQC/