Жаңалықтар мен оқиғалар
Қазақтеңізкөлікфлоты (ҚТКФ) қызметкерлері 26 қазан күні «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық марафонына қатысты. ҚТКФ бас директоры А. Оржановтың бастауымен қызметкерлер 5 км және 10 км қашықтықтарды жүгіріп өтіп, марафонды сәтті аяқтады.
Жиналған қаражат Түрқараған, Қарақия аудандары мен Жаңаөзен қаласындағы үш мектептің спорт залдарын қосымша жарақтандыруға жұмсалады. Барлық қатысушыларға алғыс білдіре отырып, зор денсаулық және толағай табыстар тілейміз!