«Қазақтеңізкөлікфлоты» қызметкерлері халықаралық спорттық іс-шараға қатысты
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

«Қазақтеңізкөлікфлоты» қызметкерлері халықаралық спорттық іс-шараға қатысты

«Қазақтеңізкөлікфлоты» қызметкерлері халықаралық спорттық іс-шараға қатысты

| Жаңалықтар

26 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында «BI Marathon» жыл сайынғы қайырымдылық жүгірісі өтті.


Биылғы жылы оны ҚТКФ қызметкерлері де қолдады. Компания атынан стратегиялық даму департаментінің директоры Сәкен Сағатұлы мен маркетинг және келісімшарттар департаментінің маманы Маштаков Алмат қатысты.

«BI Marathon» алғаш рет 2016 жылы өткізілген болатын. Марафон спорт пен салауатты өмір салтын насихаттайды. Марафонға қатысушылардың әрқайсысы спортты дамытуға және қолдау көрсетуге ғана емес, сондай-ақ елорданың қайырымдылық дәстүріне де өз үлесін қосады. Жиналған қаражат церебральды сал ауруына ұшыраған балаларды емдеу және оңалту үшін қайырымдылық қорына жіберіледі.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ұжымы әрдайым қайырымдылық жобаларына белсене қатысады және әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды қолдауға тырысады.


© 2025 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)

Сайтты әзірлеу: arctika.kz