Жаңалықтар мен оқиғалар
ҚТКФ дәстүрге айналған Ұлы Отан соғысының ардагерлерін жыл сайын марапаттап, құрмет көрсетуден қол үзбеуде.
Компания қызметкерлері тыл ардагері, Ақтау қалсының құрметті азаматы, ұзақ жылдар бойы ұстаз болған, биыл 98 жасын тойлаған Салиха Қоженқызы Ідірісованы Жеңіс күнімен құттықтады. Бүгінде осы ұстаздың оқушылары КТКФ компаниясында да ойдағыдай еңбек етуде. Коммерциялық директор Еркін Талғатұлы Нығметов еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек еткен, өжеттігімен әрі отанға деген сүйіспеншілігімен сүбелі үлес қосқан ардагерді құттықтап, ұжым атынан шексіз алғысын білдірді.
Кейуана компанияның қызметкерлерін қуана-қуана қарсы алды, өткен жылдарға көз жүгіртіп, сол жылдардың фотосуреттерімен бөлісті. Компания ардагерге атаулы сыйлығын сыйға тартып, материалдық көмек көрсетті. ҚТКФ ұжымы ҰОС ардагерлеріне алғысын білдіре отырып, оларға денсаулық, құт-береке және ұзақ ғұмыр тілейді. Аспанымыз әрдайым ашық болғай!