Халықаралық теңізшілер күніне орай «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС кеме экипажы арасында бейнероликтер байқауын жариялайды!
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

Халықаралық теңізшілер күніне орай «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС кеме экипажы арасында бейнероликтер байқауын жариялайды!

Халықаралық теңізшілер күніне орай «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС кеме экипажы арасында бейнероликтер байқауын жариялайды!

| Жаңалықтар

Тақырыбы: «Теңізшінің күнделікті өмірі»

Қатысушыларға еркін форматта (соның ішінде әзіл стилінде де болады) теңізшінің күнделікті өмірін немесе өз қызмет бағыты бойынша кемедегі жұмыс ерекшеліктерін көрсететін бейнеролик дайындау ұсынылады.

Бейнероликке қойылатын талаптар:
✓ ұзақтығы — 1 минутқа дейін;
✓ музыкалық сүйемелдеу және арнайы бағдарламалар арқылы монтаж жасауға рұқсат етіледі;
✓ бейнероликте міндетті түрде мыналар көрсетілуі тиіс: кеме атауы, компания атауы, ролик тақырыбы.

Жұмыстарды тапсыру мерзімі: 2026 жылғы 10 маусымға дейін (қоса алғанда).
Бейнероликтерді қатысушылардың құрамы (Т.А.Ә.) көрсетіліп, ye.blochshenko@kmtf.kmg.kz электрондық поштасына жіберу қажет.
Байқау қорытындылары 25 маусымда шығарылады. 1, 2 және 3 орын алған жеңімпаздар марапатталады. Үздік бейнероликтер компанияның әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Байқау жұмыстарын бағалау критерийлері:
‘’➢ Байқау тақырыбына сәйкестігі;
➢ Мазмұндылығы мен идеясы;
➢ Креативтілігі мен ерекшелігі;
➢ Орындалу сапасы;
➢ Кәсіби қызметтің көрінісі;
➢ Қауіпсіздік талаптарының сақталуы.

Қатысып, нағыз теңізшінің өмірін көрсетіңіз! 🌊


© 2026 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)
Сайтты әзірлеу: arctika.kz