Жаңалықтар мен оқиғалар
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өз ісінің нағыз шебері ғана емес, теңіздегі қатал жағдайларда еңбек ететін адамдарға қамқор болатын мамандық иесімен таныстырмақшымыз.
Амантаева Айманай Асқарқызы — «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТҚҚК» ЖШС компаниясына қарасты «Berkut» контейнер тасушы кеменің аспазы. Ол теңізде жүрген экипаж мүшелеріне күн сайын дәмді әрі қуат беретін тамақ пісіреді. Айманай үшін кемедегі ас үй — тек жұмыс істейтін жер ғана емес, командаға жайлы атмосфера сыйлайтын орын.
— Теңізшілер үшін дұрыс тамақтану өте маңызды. Ас әрдайым ыстық, дәмді әрі пайдалы болуы керек. Сондықтан мен өз жұмысымды үлкен жауапкершілікпен атқарамын, — дейді Айманай Амантаева.