Жаңалықтар мен оқиғалар
Құттықтаймыз!
Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Әккенженов отын-энергетика кешенінің үздік қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттады.
Теңіз саласын дамытуға қосқан жеке үлесі, жоғары кәсіби шеберлігі мен адал еңбегі үшін «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС қызметкері Онайбаев Наурызбек «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды.
Әріптесімізді шын жүректен құттықтап, оның еңбегінің мемлекеттік деңгейде мойындалуын зор мақтанышпен атап өтеміз.