ҚТКФ «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

ҚТКФ «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

ҚТКФ «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

| Жаңалықтар

2026 жылғы 25 сәуірде ҚТКФ қызметкерлері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына қосылып, ағаш отырғызу бойынша жалпыкорпоративтік сенбілікке қатысты.

Ақтау қаласында компания қызметкерлері 40-шы шағын ауданда, Бірінші Президент саябағында аумақты көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, ағаш көшеттерін отырғызды. Бұл өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға қосылған үлес болды.

Астана қаласындағы ҚТКФ өкілдігі де бастаманы қолдап, қызметкерлер «ҚазМұнайГаз» саябағында ағаш отырғызу жұмыстарына қатысты.

ҚТКФ экологиялық акцияларды алдағы уақытта да қолдап, қоршаған ортаны сақтауға өз үлесін қоса бермек.


© 2026 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)
Сайтты әзірлеу: arctika.kz