Жаңалықтар мен оқиғалар
ҚТКФ Шымкенттегі КМГ жастар форумына қатысты.
29 сәуір мен 1 мамыр аралығында Шымкентте өткен КМГ жастар форумына «Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясының өкілдері белсене қатысты. Форумды «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов ашты.
Форумға барлық еншілес ұйымдардың бас директорлары, соның ішінде ҚТКФ бас директоры Айдар Оржанов та қатысты. Бұл – жас мамандардың дамуына жоғары деңгейде мән берілетінінің айғағы.
ҚТКФ командасы іскерлік және мәдени бағдарламаға белсенді қатысып, өз бастамаларын ұсынды және кәсіби байланыстарды нығайтты.