ҚТКФ қызметкерлері «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының қысқы Спартакиадасына қатысты
Skip to main content
+7 (7292) 535-890 (қабылдау бөлмесі)
info@kmtf.kmg.kz
Safety first

Жаңалықтар мен оқиғалар

ҚТКФ қызметкерлері «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының қысқы Спартакиадасына қатысты

ҚТКФ қызметкерлері «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының қысқы Спартакиадасына қатысты

| Жаңалықтар

7–8 ақпан күндері Астана қаласында «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының екінші қысқы Спартакиадасы өтіп, оған екі мыңға жуық қатысушы мен жанкүйер жиналды.

ҚТКФ қызметкерлері де ауқымды спорттық іс-шараға қатысты. Шаңғы жарысында корпоративтік мәселелер бөлімінің қызметкерлері Алмат пен Камила спортқа деген жоғары деңгейдегі қызығушылық пен белсенділік танытып, салауатты өмір салтына қолдау көрсетті.

Әріптестерімізді Спартакиадаға қатысуларымен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа спорттық жетістіктер мен жеңістер тілейміз!


© 2026 «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы ЖШС (ҚТКФ)
Сайтты әзірлеу: arctika.kz