Жаңалықтар мен оқиғалар
«Қазақтеңізкөлікфлоты» TransLogistica Kazakhstan 2025 халықаралық көрмесіне қатысуда.
30 қыркүйекте Алматы қаласында көлік және логистика саласының дамуына, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға арналған TransLogistica Kazakhstan 2025 халықаралық көрмесінің 28-ші шығарылымы өз жұмысын бастады.
Қазақтеңізкөлікфлоты дәстүрлі түрде аталған іс-шараға қатысып, компания қызметінің негізгі бағыттарын ұсынып, еліміздің транзиттік әлеуетін дамытуға ұлттық теңіз тасымалдаушысының қосқан үлесін көрсетуде.